ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сот медицина орталығының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті медицина мекемелерінің қызметтерін тексеруді бастады

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметтерін көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменті аумақтық прокуратура органдарымен бірлесе отырып,
None
None
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сот медицина орталығының және оның филиалдарының, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті медицина мекемелерінің қызметтерін тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру Мемлекет басшысының 2008 жылғы қарашаның 7-сінде Шымкенттегі кеңесте емделушілерге медициналық қызметті өз мерзімінде және сапалы көрсету үшін берген тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізілуде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметтерін көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Салидат Қайырбекованың айтуынша, соңғы жылдары сот-медицина сараптамаларының сапасына қатысты жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен өтінімдердің саны бірнеше есе өскен.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша туберкулезден болатын өлімді азайту бойынша жүйелік іс-шаралар қабылдау қажет, сондықтан Қылмыстық-атқару жүйсі комитеті жүйелерін тексеру көкейкесті болып отыр», ? деді Салидат Қайырбекова.
Соңғы жаңалықтар