ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұмаудың алдын алу үшін 8 атаулы препараттарға бөлшек сауданың бағасын белгіледі
АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұмаудың алдын алуға және емдеуге арналған дәрілік заттармен және жеке қорғаныш құралдарымен үздіксіз қамтамаcыз етуге және олардың бағасының өсуін тежеуге бағытталған шұғыл шаралар қабылдауды іске асыру мақсатында 8 атаулы препараттарға бөлшек сауданың бағасын белгіледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
|
№ |
Сауда атуы (мемлекеттік патенттелмеген атауы), дәрілік нысаны |
Бөлшек сауда бағасы (теңге) |
|
|
1 |
Оксолин, назалды жақпа май 0,25% 10г |
85 |
|
|
2 |
Тамифлю®(Осельтамивир), капсула 75мг №10 |
4300 |
|
|
3 |
Реленза® (Занамивир), ротадискіде дозаланған ингаляцияға арналған ұнтақ, жинақтағы дискхалер 5мг/доза №5 сауытта 5мг блистерде 4 |
4000 |
|
|
4 |
Аскорбин қышқылы, таблетка 0,1г глюкозамен №10 |
20 |
|
|
5 |
Аскорбин қышқылы, драже 0,05г №200 |
100 |
|
|
6 |
Медициналық маска |
20 |
|
|
7 |
Парацетамол, таблетка 0,2г №10 |
10 |
|
|
8 |
Парацетамол, таблетка 0,5г №10 |
20 |
Министрлік аталған дәрілік заттар мен қорғаныш құралдарының бағасына, сондай-ақ республиканың барлық өңірлеріндегі көтерме қоймалар мен бөлшек сауда желісіндегі препараттардың қалдығының болуына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Дәрілік заттар жеткілікті мөлшерде бар және қажет болған жағдайда Қазақстанның кез-келген өңіріне бір тәулік ішінде жеткізіледі.
Республика аумағында республикалық қаражат есебінен - 29976 орама, жергілікті қаражат есебінен - 8287 орама сатып алынған Тамифлю (осельтамивир) 75 мг №10 препараты бар. Сонымен қатар, желтоқсан айының ортасында «Медсервис» көтерме компаниясы бөлшек саудада өткізу үшін Тамифлюдің (осельтамивир) 15 мың орамасын және Релензаның (занамивир) 100 мың. орамасын әкеледі. Желтоқсанның аяғында «Химфарм» АҚ отандық оксалин жақпа майы өндіріске шығарылатын болады. Өндіруші зауыт жеңілдіктер беріп отыр, Тамифлю, Реленза препараттарына, Оксалин жақпа майына арналған бөлшек сауда бағасы берілген деңгейді ұстап тұратын болады.
Бағалары белгіленген дәрілік заттар тізімі және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мекенжайы мен телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz сайтында орналастырылған.