ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Түркияға демалуға баратын ел азаматтарына гепатиттен абай болуды ескертеді
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Кеңес Оспанов БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Түркияда гепатит вирусына шалдықандардың көбейіп отырғандығын атап өткен К.Оспанов « біздің сапарлаушыларымыз бұл жайында міндетті түрде білулері әрі жеке гигиена шараларын сақтауы қажет», дейді.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, Қазақстанда жоқ алайда Африка, Оңтүстік Америка елдерінде кездесетін денге безгегінің де елімізге қауіпі барлығын жасырмады. Бұл ауруға өткен жылдың ішінде 50 миллион адам шалдығып, оның 20 мыңы қайтыс болған. Олардың арасында Индонезияға, Тайландқа барып демалған көрші Ресейдің де азаматтары бар. «Яғни Қазақстанға да осы аса сирек кездесетін, адамның өліміне алып келетін ауруар келуі мүмкін», деді.
Қазіргі уақытта Үндістан, Пәкістан, Сингапур, Малайзия елдерінде де тырысқақ ауруы жиі тіркелуде. Сондай-ақ безгек ауруы да өте қауіпті. Мәселен, жыл сайын осы ауруға душар болған 300 миллион адамның 1 миллионы қаза болуда. Бұл аурумен безгек масасы кездесетін тропикалық елдердің адамдары қайтыс болатындығын айтқан М.Оспанов «Бұл проблема біздің көрші елдер - Әзірбайжан мен Қырғызстанда да бар. Аталған елдерден келетін мигранттар безгек ауруын тасымалдаушы болуы мүмкін», дейді.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы республикадан тысқары шығатын азаматтарға аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына келіп ақыл-кеңес алуға кеңес берді.