ҚР дипломатиялық миссиясы Кабулда шектеулі құрамда жұмысын жалғастыруда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елші Әлімхан Есенгелдиев бастаған Қазақстанның Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясы Кабулда жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан елшілігінде қызметкерлердің шектеулі саны қалды, олардың бірқатары қауіпсіздік мақсатында елге бұрын оралған.

Атап өтсек, қазіргі уақытта Ауғанстандағы жағдай шиеленісіп тұр. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, тәліптер Пактика мен Кунар провинцияларының орталықтарын бақылауға алып, Кабулға жақындап қалды.

Еске салар болсақ, олардың тобы елдің үштен екі бөлігін бақылауға алды.

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Талибанды шабуылды тез арада тоқтатып, Ауғанстан мен оның халқының мүддесі үшін келіссөздер бастауға шақырған болатын.

«Соғысты таңдаған халықаралық қоғамдастыққа үндеуім мынадай: билікті әскери күшпен жаулап алу – жеңілетін тәсіл. Бұл ұзаққа созылатын азаматтық соғысқа немесе Ауғанстанды толықтай жабық мемлекетке әкеліп соқтыруы мүмкін», - деді Гутерриш Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде журналистерге берген сұхбатында.

«Ауғанстандағы жағдай бақылаудан шығып барады», - деп есептейді Бас хатшы.

Соңғы жаңалықтар