ҚР ДСӘДМ 5,7 млрд. теңге сомасында бюджеттік қаржыны үнемдеді

«ҚР ДСӘДМ Формулярлық комиссиясы мүшелерінің шешімі бойынша жоғарыда аталған тізімнен клиникалық тиімділігі дәлелденбеген 110 медициналық дәрі-дәрмектің атауы алынып тасталды. 2015 жылы ҚР ДСӘДМ Формулярлық комиссиясының 8 отырысы өтті. Оның қызметінің басты нәтижесі клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттарға негізделген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттарға баға белгілеу қағидалары мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа стратегиясын енгізу болды»,-делінген министрлік мәліметінде.
Сонымен бірге, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік реестрі негізінде бағалар базасы құрылады. Ол үнемі толықтырылып тұратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, формулярлық жүйе дәрілік заттарды тиімді пайдалануға, тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген медициналық дәрі-дәрмектерді қолдануға жәрдемдеседі. Формулярлық жүйенің толыққанды жұмыс істеуі халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету саласын жетілдіру негізінде медициналық қызмет сапасын жақсартуға ықпал етіп, дәрілік заттардың қолжетімділігі мен оларды сатып алуға әсер ететін болады.