ҚР ДСӘДМ еңбекті қорғау бойынша кешенді жоспар әзірлеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанда еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспарды әзірлеуде, деп мәлімдеді бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов KIOSH-2015 еңбекті қорғау бойынша V халықаралық конференциясында.

ҚР ДСӘДМ еңбекті қорғау бойынша кешенді жоспар әзірлеуде

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің министрлік 2016-2020 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде. Онда қоршаған өнеркәсіптік ортаның халық денсаулығына әсерін төмендетуге, жұмыс берушінің қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануына ынталандыру қалыптастыруына бағытталған ережелер болады. Сондай-ақ, Үкіметтің тапсырмасы бойынша ДСӘДМ мен әлеуметтік серіктестіктер еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспар әзірлеуде», - деді Д.Арғандықов.

Ол конференцияның Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналғанын, ол Халықаралық еңбек ұйымының бастамасы бойынша 2003 жылдан бастап жыл сайын 28 сәуірде атап өтіліп келе жатқанын айтты.

«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы осы мәселенің ауқымдылығына қоғам назарын тарту екекндігін тағы да дәлелдейді. Еңбекті қорғау мәдениетін құру және сүйемелдеу жұмыс орындарындағы бақытсыз жағдайлар мен өлім-жітім санын азайтуға көмектеседі», - деп толықтырды вице-министр.

Ол ҚР Үкіметі қызметінің басымдықтарының бірі еңбекті қорғау саласындағы қауіп-қатерді басқарудың тиімді стратегиясын жүргізу болып табылады, бұл әлеуметтік серіктестердің күштерін біріктіруге көмектесетінін баса айтты.

Аталған міндеттерді орындау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және заңнаманы сақтауды бақылау, басқарудың тиімді жүйесін құру арқылы жүзеге асырылады, деп жазады primeminister.kz.