ҚР ДСӘДМ: Жастарды жұмыспен қамту жоспарының таныстырылымы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өкілі Алена Нешпоровамен кездесті.
Жүздесу барысында ХЕҰ өкілі Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту бойынша іс- әрекет жоспарының тұсаукесерін өткізді.
Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан жұмыс берушілері конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қатысты.
Жоғарыда көрсетілген жоспар жастар жұмыссыздығымен күрес бойынша тиімді шаралар қолдану үшін бағытталған. Ол қолайлы мамандықты таңдауда (кәсіптік бағдар) жастарды қолдауды, жастарды кәсіпкерлік қызметке ынталандыруды және жастардың еңбек нарығына қолжетімділігін кеңейтуді қарастырады.
Қазіргі кезде ұқсас жобалалар Ресейде, Әзербайжанда және ТМД-нің басқа елдерінде іске асырылуда.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту бойынша іс-әрекет жоспары барлық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.