ҚР ДСМ-да елдегі денсаулық сақтау нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша селекторлық кеңес өтті.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәжіліс жұмысына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті мен аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысып, оның барысында республиканың денсаулық сақтау нысандарында ағымдағы жылғы жүргізілген тексеру нәтижелері қаралды.

Мәжілістің қорытындысы бойынша ҚР ДСМ-ның облыстық және Астана мен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына өртке қарсы қауіпсіздік мәселелерін ерекше бақылауға алу, медициналық нысандардың инженерлік-техникалық нығайтылуы мен өрт қауіпсіздігін жүргізу жоспарында айқындалған іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде емдеу мекемелеріндегі өртке қарсы режимнің сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар