ҚР ДСМ-да құтыру дертінің алдын алу мәселелері талқыланды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жануарлар мен адамдар арасында құтыру дертінің алдын алу мәселелері бойынша Қазақстанның ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерінің аумақтық органдары басшыларының кеңесі өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР ДСМ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кеңестің мақсаты - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жануарлардан адамға берілетін инфекциялық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттесудің тиімділігін арттыру.

Мәжіліс ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы-ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Мереке Тайтубаевтың төрағалығымен өтті.

Аумақтық ветеринариялық және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына үй және жабайы жануарларды иегуді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен қаңғыбас иттерге және мысықтарға қарсы күрес бойынша бірлескен жұмысты қарқындату, тұрғындар арасында құтыру дертінің алдын алу шаралары бойынша санитарлық-ағарту жұмысын күшейту тапсырмалары берілді.

Соңғы жаңалықтар