03:33, 24 Қараша 2018 | GMT +5
ҚР ДСМ дәрігермен жасалған ең үздік селфи байқауын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сүйікті дәрігерімен жасалған ең үздік селфи байқауын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның сайтына сілтеме жасап.
«Еліміздің әрбір тұрғыны байқаудың қатысушысы бола алады. Ол үшін сүйікті дәрігерімен селфи жасап, Сізге медициналық көмек керек болып қалған жағдай жайлы өмірлік тарихыңыздан үзінді эссе қазақ немесе орыс тілдерінде жазу керек.
Бұдан соң суретін және қазақ немесе орыс тілдеріндегі эссені zdrav_konkurs_2018@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет және Facebook әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтына #Menińdárigerim #Мойдоктор хештэгімен орналастыру керек. Жұмыстар ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін қабылданады. Кері байланысты қамтамасыз ету үшін өз телефондарыңызды көрсетуді ұмытпаңыз»,- делінген хабарламада.
Байқау қорытындысы бойынша анықталған 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады.