ҚР ДСМ Қазақстандағы 30 биологиялық зертхана туралы ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде және кейбір сайттарда Қазақстан бұған дейін Украинада жұмыс істеген 30 америкалық биозертхананы өз аумағында орналастырғаны туралы ақпарат тарады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл фейк, Қазақстан Республикасының аумағында өзге мемлекеттердің биозертханаларын орналастыру жоспарда болмаған және жоспарланып отырған да жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.