ҚР ДСМ: Қазақстандықтар қант пен тұзды қалыптан тыс көп тұтынады
«Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының көрсеткішіне сүйенсек, бізде тұз бен трансмайларды, қантты тұтыну бойынша соңғы жылдары ешқандай оң өзгеріс байқалмайды. Мысалы тұзды пайдалану жағынан ХДДҰ-ның ережесі бойынша тәулігіне 5 граммнан аспауы керек. Ал біздің барлық облыстарымызда халықтың тұзды пайдалану мөлшері 16 пайызға жетіп отыр. Демек, үш-төрт есе көп. Ол саламатты өмір салтын сақтау ережесіне сай келмейді. Қантты тұтыну күніне 25 граммнан аспауы керек. Ал бізде күніне 100 грамдай, ал балалар 150-160 грам қант тұтынады», - дейді ол.
Айнұр Айыпханова келтірген деректерге сүйенсек, еліміздегі 8-10 жас аралығындағы әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегіп отыр.
«Адамдар бала кезінен бастап дұрыс тамақтанбай, физикалық белсенділік танытпай, бала кезінен артық салмақтың кеселінен түрлі ауруларға душар болады. Біздің бүгінгі мақсатымыз - халыққа өз денсаулығымыз өзіміздің қолымызда екенін барынша түсіндіру. ҚР биылдан бастап қабылданған Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі осы мақсатты көздеп, барлық өңірлерде Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерін құрды. Бұрын тек қана инфекциялық ауруларды қадағалаған комитеттің қызметі бес есеге артты. Яғни, олар енді созылмалы ауруларға да көңіл бөледі», - дейді ол.