ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басшылары тағайындалды

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басшылары тағайындалды, деп жазады primeminister.kz.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басшылары тағайындалды

Атап айтқанда Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағайымы қызметіне Лаура Ахметниязова тағайындалды. Ол 2011-2013 жылдар аралығында ҚР ДСМ Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары лауазымында болды.

Сонымен қатар тиісті бұйрықпен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрайымы болып Айжан Есмағамбетова тағайындалды. Бұған дейін ол Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған еді.