ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігі Орталық Азияның маңызды мәселелерін халықаралық деңгейде көтеруге мүмкіндік береді - ҚР ҰҒА
«Бұл біздің еліміздің, қазақстандық дипломатияның тарихи жетістігі.
Қазақстан кандидатурасының жеңуіне Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халықаралық аренадағы жеке беделінің ықпал еткені сөзсіз.
Мемлекет басшысының маңызды халықаралық форумдарға қатысуы, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті тақырыптары бойынша сөз сөйлеуі, әсіресе, 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде және 2016 жылы Ядролық қарусызданудың жаһандық саммитінде айтылған соңғы бастамаларының оң ықпалы болды.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы біздің елге қауіпсіздік саласындағы ағымдағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға тікелей қатысуға және Орталық Азия өңірінің маңызды мәселелерін халықаралық деңгейде көтеруге мүмкіндік береді.
Біз аталған тарихи оқиғаны Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беделін одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп санаймыз», делінген хабарламада.