12:28, 25 Қараша 2015 | GMT +5
ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және Республика заңнамасын «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.