ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолданыстағы заңнаманы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.