ҚР ЭБЖМ 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Үкімет қаулысына өзгертулер енгізілді

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспары туралы» қаулысына өзгертулер енгізілді.
None
None

ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2010 жылғы тамыздың 10-ы. № 813

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы желтоқсанның 31-індегі №2335 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы желтоқсанның 31-індегі «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» № 2335 қаулысына (Қазақстан Республикасы ҮҚАЖ, 2010, №5, 72 бап) мынадай өзгертулер енгізілсін:

Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің стратегиялық жоспары туралы;

1 тармақта «экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;

Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымша беріліп отырған жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов

Соңғы жаңалықтар