ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі ӘКК-ны Дамыту тұжырымдамасының жобасын көпшіліктің талқылауына ұсынды

Талқылау ағымдағы жылдың 15 қазанында өтеді. Өтініштер мен ескертулерді мына мекенжай бойынша жіберуге болады: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7-ші кіреберіс, немесе электронды пошта бойынша - [email protected] , факс - 8 (7172) 74-33-82.
ҚазАқпарат тұжырымдаманың мәтінін таратады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана 2012 жыл
1-тарау. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды
дамыту пайымы
1.1 Кіріспе
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі - ӘКК) әрі қарай дамытудың біртұтас және кешенді тәсілін қалыптастыратын және 2020 жылға дейінгі мерзімге өңірлердегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша пайымдауды, міндеттерді, қызметтің негізгі бағыттарын айқындайтын жүйелі құжат болып табылады.
Тұжырымдама өңірлердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін іске асыру жолымен ӘКК-лерді тұрақты дамытудың бірыңғай тәсілін әзірлеу мақсатында дайындалды.
Өңірлерді дамытудың әсерлі құралы ретіндегі ӘКК-лердің қызметін жетілдіру қажеттілігі ӘКК-лерді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
1.2 Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибе
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық саладағы жеке және мемлекеттік секторлардың өзара іс-қимылдарының әртүрлі схемалары бар.
Өңірлердің ішіндегі әлеуметтік кәсіпорын анықтамаларының арасындағы өзгешеліктерден басқа, олардың арасында әлеуметтік кәсіпорын ұғымымен, қолданылуымен, контексті және саясатымен байланысты одан да елеулі өзгешеліктер бар.
АҚШ-та «әлеуметтік кәсіпорын» ұғымы пайда табумен байланысты «кәсіпорын» терминінде көбірек тоғыстырылған.
АҚШ-та әлеуметтік кәсіпорын санатына коммерциялық кәсіпорындардан бастап әлеуметтік қызметпен қатар пайда табуды қамтитын (гибридті ұйымдар) қосарлы міндетті ұйымдардың қомақты тобы жатады.
Еуропада әлеуметтік кәсіпорын «әлеуметтік экономика» шеңберінде қарастырылады, онда негізгі қозғалтқыш күш қоғам үшін игілік болып табылады.
АҚШ-та «әлеуметтік экономика» ұғымы қолданылмайды, сондықтан коммерциялық емес әлеуметтік кәсіпорындардың қызметі көбінесе рыноктық экономика шеңберінде қарастырылады.
Батыс Еуропада «әлеуметтік кәсіпорын» ұғымын әр ел түрлі дәрежеде қызметтердің өте шектеулі жиынтығымен байланыстырады. Мысалға Ұлыбритания Үкіметі әлеуметтік кәсіпорынды пайдасын осы бизнеске немесе қоғамдастыққа осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қайта инвестициялайтын көбінесе әлеуметтік мақсаттары бар бизнес ретінде айқындайды, ол оны негізгі мақсаты акционерлер үшін пайданы максималды ұлғайту болып табылатын компаниялардан ерекшелендіреді.
Бірқатар Еуропалық елдердегідей де Бельгияда «әлеуметтік кәсіпорын» терминінің екі анықтамасы бар.
Бірінші анықтама көбінесес коммерциялық қызметті дамытатын қызмет көрсету ұйымдарына жатады.
Екіншісі - бастамалары еңбек рыногынан тыс қалған адамдарды еңбекке интеграциялауға анық бағытталған кооперативтер мен қауымдастықтарға жатады. Екінші анықтама белгілі әлеуметтік қызметтерге сұраныспен байланысты, ол Еуропада әлеуметтік кәсіпорындардың дамуының негізін салды, осыған байланысты олардың қызметі ең алдымен жұмыс орындарын құрумен байланыстырылады.
Қазақстанда ӘКК-лердің әлемдік тәжірибеде бар ұқсас үлгідегі ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымдарға қарағанда қалпы және функционалдық сипаттамалары бойынша едәуір айырмашылықтары бар.
Әр осындай корпорация коопреацияны күшейтуге себепші өзінше бөлек өңірлік дамыту институты болып табылады.
Демек, ұйымдастырушылық-құқықтық қалпы, мақсаттары мен міндеттері бойынша біздің елімізде ӘКК-лер экономикадағы индустриялық-инновациялық өзгерістердің стратегиясын шағын және орта бизнесті дамытудың міндеттерімен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қағидаттарымен біріктіруге мүмкіндік беретін ерекшелікке ие.
1.3 Ағым жағдайды талдау
ӘКК-лерді құру идеясын алғашқы рет Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында атап өткен. Осы Жолдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес 2007 жылы Қазақстанда жеті ӘКК құрылды.
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысына сәйкес барлық ӘКК-лердің акцияларының мемлекеттік пакеттері облыстар, Астана және Алматы қалаларының арасында үлестірілді.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін осы ӘКК-лер қайта ұйымдастырылып, Қазақстанның әр өңірінде бір ӘКК құрылды.
Осылайша, «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында 16 ӘКК қызмет етуде:
«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.);
«Алматы» ӘКК» ҰК» АҚ (Алматы қ.);
«Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ (Атырау облысы, Атырау қ.);
«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.);
«Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ (Ақмола облысы, Көкшетау қ.);
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ (Алматы облысы, Талдықорған қ.);
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ (Манғыстау облысы, Ақтау қ.);
«Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.);
«Орал» ӘКК» ҰК» АҚ (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.);
«Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ (Павлодар облысы, Павлодар қ.);
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ (Қарағанды облысы, Қарағанды қ.);
«Солтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.);
«Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ (Жамбыл облысы, Тараз қ.);
«Тобол» ӘКК» ҰК» АҚ (Қостанай облысы, Қостанай қ.);
«Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ.);
«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ (Астана қ.).
Бүгінгі күні ӘКК-лердің қызметі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, жаңа өндірістер құру және бар өндірістерді жаңғыртуға, инвестициялар тартуға, үкіметтің жеке бастамаларын іске асыруға бағытталаған.
Сонымен қатар, ӘКК-лердің қызметі жүйелі емес сипатта және жалпы олардың қызметіне бірыңғай тәсілдер жоқ. ӘКК-лер өңірлерді дамытудың инвестициялық институты ретінде қалыптасу сатысында. ӘКК-лердің тиімсіздігі жиі өтетін қайта ұйымдастырумен, акционерлердің ауысуымен, сондай-ақ шешілуі компаниялардың өзіне байланысты себептермен түсіндіріледі.
ӘКК-лердің қызметінде келесі проблемалар бар:
- коммерциялық және коммерциялық емес міндеттердің шатасуы ӘКК-лердің алдына басымдылық қоюға мүмкіндік бермейді;
- даму стратегияларының бекітілмегендігі нәтижесінде инвестициялардың жүйелі емес іске асырылуы, нақты мамандандырылудың болмауы;
- ӘКК-лердің көпшілігінің залалдылығы;
- жобалардың қолайлы емес және кең диапазоны, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) берілген әлеуметтік бағдарланған кәсіпорындардың болуы нәтижесінде ӘКК-лердің күш жігерінің «бекер жұмсалуы», салалық білімнің ұлғайтылмауы;
- үкіметтің жеке бастамаларын (микронесиелеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері және басқа да шаралар бойынша) іске асыруға қатыса отырып, қаржы шығындарын және барабар емес тәуекелдер алып жүруде;
- ӘКК-лердің жеткіліксіз капиталдандырылуы (коммуналдық меншіктегі коммерциялық бағдарланған кәсіпорындарды беру, инвестициялық жобаларды іске асыру инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерін әкімдіктердің беру қажеттілігі);
- әкімдіктер мен ӘКК-лердің, ӘКК-лер мен бизнестің, ӘКК-лер мен қаржы, қаржысыз даму институттарының өзара іс-әрекеттерінің белсенділігінің жеткіліксіздігі;
- корпоративтік басқару деңгейінің төмендігі;
- компанияның нәтижелілігін бағалаудың нақты критерилерінің және персоналды мотивациялау жүйесінің болмауы;
- активтерді басқару және инвестициялық шешімдер қабылдауда тәжірибенің жеткіліксіздігі инвестициялық портфель сапасының төмендігіне әкеп соғуда.
Қазіргі уақытта ӘКК-лердің өздерінің бар мүмкіндіктерін іске асыруы осы проблемаларды шешуге және өз өңірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру «локомотиві» атануға мүмкіндік береді.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ӘКК-лер ұлттық компания мәртебесіне ие, ол оларға өзге заңдар бойынша бірқатар артықшылықтар береді. Осыған байланысты ӘКК-лер барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, өңірлерде белсенді саясат жүргізулері қажет.
1.4. ӘКК-лердің миссиясы, пайымы, мақсаттары және міндеттері
Миссия - мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бизнес қағидаттарының негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу .
Пайым- активтерді тиімді басқаратын, инвестицияларды тарту арқылы өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыратын, бәсекеге қабілетті тұрақты өндірістерді қалыптастыратын катализатор болып табылатын өңірлік даму институты.
Мақсат- активтердің құнын арттыру.
Міндеттер:
- 1. Өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелері) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру және бар өндірістерді жаңғырту;
- 2. Мемлекеттік активтердің іскерлік айналымға қатысуын қамтамасыз ету, проблемалық активтерді оңалту және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамтыу;
- 3. Алғы шептегі өндірістік және басқару технологияларын, стандарттарын енгізу;
- 4. Бюджеттік емес инвестицияларды тарту;
- 5. Бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуіне, инновациялардың және технологиялық жаңғыртудың (технопарктер, АЭА, бизнес-инкубаторлар, инвесторларға қызмет көрсету орталықтары және т.б.) дамуына жәрдемдесу, соның ішінде оператор функцияларын атқару арқылы;
- 6. Шағын және орта бизнестің кластерленуіне жәрдемдесу, соның ішінде ірі бизнестің айналасында;
- 7. Компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;
- 8. Бизнес жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынытмақтастықты кеңейту;
- 9. Портфельдік компаниялар арасында коммуникацияны және тәжірибемен алмасуды дамыту;
- 10. Ішкі және сыртқы рыноктарда өнімдерді белсендірек қозғалту үшін өнімдерді брендтеуге жәрдемдесу.
•1.5. Орындау кезеңі және күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
1-кезең 2013-2014 жылдар.
Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына ӘКК-лердік қызметіне қатысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады, сондай-ақ корпорациялардың шығынсыздық деңгейіне шығуы қамтамасыз етіледі.
2-кезең 2013-2020 жылдар.
Екінші кезеңде ӘКК-лердің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жету бойынша толық масштабты тиімді жұмыс іске асырылатын болады, олар келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- бәсекеге қабілетті жаңа өндірістердің құрылуы;
- өңірлерде жұмыс орны санының ұлғаюы;
- берілген және жаңадаң құрылған ұйымдардың өнімділігінің артуы 2015 жылға қарай 1,5 есе, 2020 жылға қарай 2011 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2 есеге жоғарылайды;
- ӘКК-лердің инвестициялық портфель көлемінің жыл сайынғы өсімі 2015 жылдан бастап 3-5%-дан кем болмайды.
- жоғары қосылған құнды экспортқа бағдарланған отандық өнімді іске асыру, кәсіпкерлік субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуы.
Сондай-ақ ӘКК-лер берілген компаниялардың нәтижелілігін басқару жүйесін жақсартуды қамтамасыз етеді, олардың қызметінің тиімділігін арттырады, корпоративтік басқарудың алғы шептегі стандарттарын енгізеді.
Біртіндеп барынша бәсекеге қабілетті және қаржылай тұрақты компаниялар жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын пакетін) іске асыру жолымен оларды әрі қарай бәсекелестік ортаға беру үшін іріктелетін болады. Бұл шаралар еліміздің қор нарығын және өңірлердегі инвестиция мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
2-тарау. ӘКК-лерді дамытудың негізгі
қағидаттары мен жалпы тәсілдері
2.1 ӘКК-лер қызметінің негізгі қағидаттары
ӘКК-лерді әрі қарай дамыту үшін ӘКК-лер қызметінің келесі негізгі қағидаттарын айқындау қажет:
1. Жеке сектормен әріптестік
ӘКК-лер жеке сектор орналаспаған немесе жеткіліксіз орналасқан кеңістікте тиімді жұмыс істеуі, бизнеспен бәсекеге түспей оның дамуын ынталандыруы және өсуі үшін жағдайлар жасауы қажет.
2. Инвестицияларды белсенді басқару
ӘКК-лер портфельдік инвесторларға қарағанда бизнесті дамытудың басты шешімдерін бастай отырып, белсенді акционер (қатысуша) рөлін атқаруы қажет.
3. Шығындарды белсенді басқару
ӘКК-лер өз функцияларын жүзеге асыру барысында шығындарды ықшамдауға ұмтылуы қажет.
4. Әлеуметтік жауапкершілік
Әлеуметтік жауапкершілік қағидатын іске асыру мақсатында ӘКК-лер дивидендтік саясат шеңберінде жалғыз акционердің шешімі бойынша таза пайдасының бөлігін жергілікті бюджетке жолдайды.
5. Бизнесті дамытуды жәрдемдесуге басқа да қатысушылармен әріптестік
ӘКК-лер қайталануды болдырмау және күш-жігердің бірігуін қамтамасыз ету үшін қаржы және қаржысыз дамыту институттарымен, мемлекет қатысатын компаниялармен, екінші деңгейлі банктермен белсенді өзара әрекеттесуі қажет.
Тәжірибемен алмасу, проблемалық мәселелерді шешу және үздік тәжірибемен таныстыру үшін ӘКК-лер дөңгелек үстелдерін жыл сайын өткізу.
2.2 ӘКК-лерді дамытудың жалпы тәсілдері
Инвестициялыққызмет
ӘКК-лер өмірге бейімді бастамаларды қолдай отырып, өңірде бизнестің іскерлік белсенділігінің катализаторы болуы қажет.
Инвестициялық қызметтің басты қағидаты - бизнеспен бәсекеге түспей, онымен ынтымақтастықта жобаларды іске асыру.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы ұлттық және халықаралық рыноктарда дұрыс жайғастыру үшін бәсекелестік артықшылықтарын, өңірдің өсу нүктелерін айқындайды.
Әр ӘКК-нің қызметі тиісті аумақтарда дамыту бағдарламаларымен айқындалған экономиканың басым салаларында өз өңірі үшін келешегі бар, өмірге бейімді, бәсекеге қабілетті жобаларды іске асыруға бағытталған.
Бұл басым салаларда дағдылардың, іскерлік байланыстардың және тәжірибенің шоғырлануына әкеледі, инвестициялық шешімдердің сапасын арттырады, сондай-ақ өңірдің бәсекеге қабілеттілігіне күштірек әсер етеді.
ӘКК-лер инвестициялық жобаларға бастапқы сатыда (start-up) немесе даму сатысында кіруі қажет.
Инвестициялық жобадан шығу келесі негізгі критерилер бойынша жүзеге асырылуы қажет:
- 1) жоба компаниядағы ӘКК-нің акцияларын/үлесін сатудан түскен табыс ӘКК-нің жоба компанияға қосқан инвестицияларын және осы инвестициялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін жабуы;
- 2) жоба компания ӘКК-нің қатысуысыз инвестициялық жобаны іске асыруға мүмкіндігі бар.
Инвестициялық жобадан шығу сондай-ақ ӘКК инвестицияларының құнсыздану тәуекелі туындаған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.
ӘКК-нің өзінің акциялар пакетін/қатысу үлесін сату шешімі рыноктық бағалау негізінде іске асырылуы қажет. ӘКК өзіне активті сатып алу кезінде қарсы рыноктық бағалау жүргізуі қажет.
Жер қойнауын пайдалану жобалары
Жер қойнауын пайдалану саласында ӘКК-лер тек қана жер қойнауын пайдалану құқығымен қатысады. ӘКК-нің үлесі тәуелсіз рыноктық бағалау жүргізілгеннен кейін айқындалуы қажет.
Корпоративтік басқару
Басқарудың тиімді моделін қамтамасыз ету үшін ӘКК-лер әлемдік үздік тәжірибеге сәйкес келетін корпоративтік басқарудың заманауи стандарттарын енгізуі қажет. Бұл компанияның тиімділігін қамтамасыз етуге және ашықтығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Тиімді менеджмент жүйесі енгізіледі, рыноктық жағдайда оның қызмет етуімен байланысты барлық тәуекелдерді анықтауға бағытталған ішкі бақылау және мониторинг механизмдері ретке келтіріледі.
2.3 ӘКК-лердің мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара әрекеттесу мәселелері
ЖАО мен ӘКК-лердің өзара әрекеттесуі корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
ЖАО ӘКК-ні басқаруды тек қана «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен және/немесе ӘКК-лер жарғыларымен көзделген жалғыз акционер өкілеттіктерін іске асыру жолымен және директорлер кеңесінде ЖАО қызметкерінің өкілдігімен жүзеге асырады.
ЖАО ӘКК-ге келесі талаптар қояды:
1) жалғыз акционер ретінде мемлекет мүдделерін сақтау;
2) ӘКК-лердің табыстылығына, тиімділігіне, транспаренттігіне және есептілігіне ұмтылу;
3) оның басқаруындағы және меншігіндегі активтердің тиімді басқаруылуын қамтамасыз ету;
4) ӘКК тобында корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесін енгізу;
5) ӘКК тобында инновациялық процестердің және технологиялардың әзірленуін және енгізілуін ынталандыру;
6) өңірге инвестициялар тартуға қатысу;
ЖАО-дан кейін оңалту, қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құру үшін қызметі коммерциялық бағдарланған сипаттағы барлық мемлекеттік активтер ӘКК-ге кезеңді түрде берілетін болады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ЖАО ӘКК-ге инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің берілуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік жауапкершілік қағидатын іске асыру мақсатында ӘКК-лер дивидендтік саясат шеңберінде жалғыз акционердің шешімі бойынша таза пайдасының бөлігін жергілікті бюджетке жолдайды. ЖАО жалғыз акционер ретінде бұл қаражатты әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру үшін жұмсайды.
ӘКК өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерге сәйкес оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджеттік жоспарлау жөніндегі, индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, туризм, бәсекелестікті қорғау, жер қойнауы зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен белсенді және тиімді өзара әрекеттесуі қажет
ӘКК-лер мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға келесі:
- осы Тұжырымдама бойынша ӘКК-лердің міндеттеріне сәйкес келген;
- бағдарлама бюджеті осы бағдарламаны іске асырумен байланысты ӘКК-лердің ағымдағы шығыстары толық өтелетін;
- бағдарламаны іске асыру бойынша тәуекелдер осы бағдарламаға қатысушылар арасында тең бөлінген;
- бағдарламаға ӘКК-нің қатысуы туралы шешім корпоративтік басқару стандарттарының сақтала отырып қабылданған жағдайларда қатыс алады.
Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларда ӘКК-лердің қызметіне қатысты мақсатты көрсеткіштер, шаралар және/немесе өзге ережелер белгіленген жағдайда мұндай жобалар әзірлеуші-мемлекеттік органмен ӘКК-ге келісуге жолдануы тиіс.
ӘКК-лер қаржы құралдарын қиыстыру, сондай-ақ қаржы институттарының ресурстарына бизнестің қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша даму институттарымен белсенді өзара әрекеттесуі қажет.
2.4. Қаржыландыру көздері
ӘКК-лер инвестициялық бағдарламаның қаржыландырылуын қол жетімді қорландыру көздерінің барлығын қолдану және меншікті қаражаттары, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қамтамасыз етеді. Бұл ретте дамыған сайын ӘКК-лер бюджеттік қаржыландыру үлесін азайтуға ұмтылады.
ӘКК-лердің меншікті қаражаттары дивидендтік кірістер, бөлінбеген пайда, компанияларды қаржылай/қаржылай емес табысы есебінен қалыптастырылады.
ЖАО рентабельді емес активтерді беру кезінде осы активтерді оңалту жоспарына сәйкес бастапқы қаржыландыру көзделетін болады.
ӘКК-лер серпінді дамушы өңірлік инвестициялық компания ретінде өңірге инвестициялар тарту мақсатында ықтимал шетелдік инвесторлармен, даму институттарымен және басқа да қаржы ұйымдарымен белсенді өзара әрекеттеседі.
2.5. Тиімділікті бағалау
ӘКК-лер қызметінің тиімділігін бағалау даму стратегиялары мен жоспарларын іске асыру бойынша ЖАО жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, сондай-ақ келесі тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады:
Коммерциялыққызмет(мақсатты көрсеткіштер)
- 1. Негізгі қызметтен түскен таза табыс, соның ішінде бір қызметкерге таза табыс;
- 2. ROA - активтердің рентабельділіг;
- 3. Инвестициялық портфельдің көлемі;
- 4. Инвестициялардың рентабельділігі;
- 5. ӘКК-нің бөлген қаражаттарына жеке инвесторлардың қаражаттарын тарту арақатынасы;
- 6. Оңалтылған кәсіпорындар саны.
Корпоративтік басқару
- 7. Корпоративтік басқару рейтингі;
ӘКК-нің қызметі сондай-ақ компанияның сыртқы тараптармен (есепті көрсеткіштер) өзара әрекеттесу бағыттары бойынша бағалануы қажет:
- 8. Веб-сайтқа кірушілер саны (актуалдығын және ақпарат жаңартылуының жеделдігін көрсетеді);
- 9. Қарастыруға келіп түскен бизнес өтініштер (өңір тұрғындарының санына арақатынасты);
- 10. Өңір кәсіпкерлерін сұрастыру.
Жергілікті атқарушы орган ӘКК қызметінің қаржылық қызметінің мониторингі мен сапалы талдауының айқын жүйесін жасауы қажет. Жергілікті атқарушы орган қызметтің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) арқылы корпорациялардың қызметіне мониторингті үнемі жүзеге асырады және ӘКК-дың тиімділігін артыру үшін әректе ететін жүйелі шараларды ұсынады.
Корпорациялардыі Директорлар кеңесі алға қойылған ҚНК-дің мәніне қол жеткізуге даму стратегиялары мен даму жоспарларының іске асырылуын кезеңдік бағалау жолымен менеджментті бағалауды жүзеге асырады. Корпорацияның менеджментінне сыйақы беру жүйесі корпорация қызметінің нәтижесіне байланыстырлуы тиіс.
Жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы ӘКК қызметі қортындыларына жеке жауап береді және корпорацияның қызметінің нәтижелері бойынша ҚР Үкіметі алдында есеп береді.
3-тарау. Тұжырымдаманы іске асыру жоспарланып отырған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
Осы тұжырымдаманы іске асыру құралдары болып:
1) 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы;
3) ӘКК-лерді дамыту стратегияларының жобалары табылады.