ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының қатысуымен Бас редакторлар клубының отырысы өтті
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат – Таяуда «Rixos» Астана Президент отелінде Бас редакторлар клубының бастамасы бойынша ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы, қаржы полициясының генерал-майоры Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен Клубтың кезекті отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды, соңғы уақыттардағы бірқатар шулы жемқорлық әшкерелеулерге түсініктеме берілді.Агенттік төрағасы бас редакторларды Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі қаржы полициясы алдына қойған тапсырмаларымен, сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаның қамтамасыз етілуі, қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру міндеттерімен таныстырды.