ҚР экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны жылына 0,6%-ға артты - ҰЭМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны сәуір айында жылына 0,6% өсіммен 8,6 млн. адамды құрады, деп хабарлайды www.primeminister.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
«Республика экономикасында 2015 жылғы мамырда, бағалау бойынша 8,6 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 48,6 мың адамға немесе 0,6%-ға көбейді», - делінген хабарламада.
Оған қоса, жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,1 млн адамды немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 71,2% құрады.
«2015 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 76,5%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 23,5% құрады», - деп нақтылады Статистика комитетінде.
Бұдан өзге, статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 455,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы сәуір айының соңына 63,8 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады.