ҚР ЭҚСЖҚА-да әрбір аймақ бойынша сыбайлас жемқорлық қауіптерінің төлқұжаты жасалды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі болып қалып отыр.
None
None

Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық кұні қарсаңында хабарлады.

Мемлекеттік сатып алулар арқылы әлеуметтік объектілер салынады және мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондықтан Қаржы полициясы агенттігімен осы бағдарламалардың іске асырылуына бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді пайдалануына баса назар аударылады.

Ол үшін Агенттікте әр аймақтық сыбайлас жемқорлық қауіптердің төлқұжаттары жасалған.

Төлқұжаттарда әлеуметтік объектілердің аса маңыздылары, олардың атаулары, мердігерлер, аяқтау мерзімдері мен объектінің жалпы бағасы көрсетілген.

Осы төлқұжаттардың негізінде тұрақты түрде мониторинг пен жедел сүйемелдеу жүргізу арқылы әрбір объект бойынша ақпарат жиналады.

Ағымдағы жылғы 10 айда осы салада 308 сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталды, залал сомасы 286 млн. теңгені құрады, 103 млн. теңге қайтарылды.

Осы бағыттағы жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру үшін заңнама  мен жедел-тергеу тәжірибесі сараланды. Осының негізінде Үкіметке бұл саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жолданды.

Сонымен қатар аумақтық бөлімдердің алдына мемлекеттік органдармен жүргізіліп отырған тендерлерге бақылауды күшейту бойынша міндет қойылды. Тиісті бөлім сыбайлас жемқорлық қауіптердің төлқұжаттарына енгізілді.

Соңғы жаңалықтар