ҚР Елшілігі Мадридте Наурыз мейрамына орай қабылдау ұйымдастырды
АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Елшілігі Мадридте наурыздың 21-інде мемлекеттік мереке – Наурыз мейрамына орай қабылдау ұйымдастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл шараның қонақтары - Испаниядағы қазақ диаспорасы және испан елінде оқып жатқан қазақстандық студенттер, ТМД өкілдері болды.Мереке ауқымында ҚР Елшісі Ерғали Бөлегенов жиналғандарға еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, қазақстан-испан қатынастарының қазіргі ахуалы туралы әңгімелеп берді. Қазақстандық дипломат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан ? дамуға» Жолдауының негізгі қағидаттарына ерекше тоқтала отырып, ел басшылығы саясатының басты бағдары - жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарының Қазақстан экономикасына әсерін жұмсарту және мемлекетті дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу екенін атап өтті.