ҚР Елшілігі Жеңіс күнін тойлауға байланысты Ташкентте бірқатар шараларды ұйымдастырды

ТАШКЕНТ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан астанасында Қазақстан Елшілігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өту аясында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.
None
None

Күннің алғашқы жартысында Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар басшылары Қазақстан Елшілігінде болып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының 10 жылдығына арналған фотокөрмені тамашалады.

Сонымен қатар қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің ұйымдастыруымен «Мустакиллик» алаңында орналасқан Қайғырып отырған ана ескерткіші жанындағы Мәңгілік алауға және Ташкенттегі «бауырластар зиратына» гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.

Соңғы жаңалықтар