ҚР Елшісі Е.Бөлегенов Испания полициясының басшысымен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Мадридте ҚР Елшісі Ерғали Бөлегенов ақпанның 23-інде Испания полициясының және азаматтық гвардиясының бас директоры Хавьер Веласкес Лопеспен кездесу өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әңгіме барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушысын Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен аймақтық қауіпсіздікті нығайту және конфессияаралық диалогты дамытуды нығайту салаларындағы Қазақстан Республикасының халықаралық бастамалары туралы, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шараларының кеңесі туралы айтты және ағымдағы жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізу жөнінде хабардар етті. Е.Бөлегенов Х.В.Лопесті жетекші Еуропа елдерімен, оның ішінде Испаниямен стратегиялық әріптестікке қол жеткізуге бағытталған, өткен жылы қабылданған «Еуропаға жол» арнайы мемлекеттік бағдарламасымен таныстырды. Х.В.Лопес қазақстандық Елшіге ұсынған ақпараты үшін алғысын білдіріп, өз кезегінде Қазақстан мен Испанияның құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға барынша күш салатынын білдірді.
Соңғы жаңалықтар