ҚР Елшісі Мадридте Сарсуэла корольдік резиденциясында және Монклоа үкіметтік резиденциясында кездесу өткізді

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Елшісі Ерғали Бөлегенов Мадридте Сарсуэла корольдік резиденциясында Испания Корольдік сарайының бас хатшысы Рикардо Диес-Хохляйтнермен және Монклоа үкіметтік резиденциясында – Испания Үкіметі аппаратының бас хатшысы Бернардино Леонмен кездесу өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында ағымдағы жылы жоғары деңгейдегі сапарды ұйымдастыруға байланысты мәселелер талқыланды. Қазақстандық дипломат ҚР басшыларының ағымдағы экономикалық және әлеуметтік саясаты, ядролық қаруды таратпауға қарсы күрес бойынша елдің бастамасы, ұлысаралық және конфессияаралық диалогты жылжыту, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөнінде сұхбаттасушыларын хабардар етті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық саладағы қатынастарды дамыту, тауар айналымын арттыру, Қазақстан мен Испанияның қаржылық және экономикалық субъектілері арасындағы байланыстарды жолға қоюы мәселелері қозғалды.Испанияның өкілдері көп салалы Қазақстан-Испания ынтымақтастығын жоғары бағалады. ЕҚЫҰ-ға және Еуроодаққа Қазақстан мен Испанияның алдағы төрағалық етуіндегі іс-қимылдарды үйлестіруі тиісінше тек қана екіжақты қатынастарды ғана емес, жалпы алғанда Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы байланыстарды да нығайтудың маңызды факторлардың бірі ретінде сипатталды. Дінаралық диалогты жылжыту саласындағы өзара іс-қимылдағы, атап айтқанда, Өркениеттер альянсы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі арасындағы ынтымақтастық аясындағы ілгерілеу атап көрсетілді.Кездесу барысында Е.Бөлегенов Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен, сондай-ақ біздің елімізде іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Испания Корольдік сарайының және Үкіметінің өкілдеріне испан тіліне аударылған Президент Жолдауының мәтіні және «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласы бар кітапша берілді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум