08:25, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлжамал Қазақбаева 60 жасқа толды
АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлжамал Қазақбаева 60 жасқа толды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Белгілі өнер иесінің мерейтойы өзі жұмыс істейтін өнер қарашаңырағында мамырдың 31-і күні «Гүлжамал Қазақбаеваның 60 жасқа, шығармашылығына 40 жыл толу мерейтойы» деген атпен аталып өтеді. Кеш барысында мерейтой иесінің қатысуымен «Күшік күйеу» комедиясы қойылып, 20 минуттық бейне-портреттік деректі фильм көрсетілмек.