ҚР еңбек сіңірген бапкер Асқар Асубаевтың мерейтойына орай салтанатты жиын өтті

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорда әкімдігінде ҚР еңбек сіңірген бапкері, профессор Асқар Асубаевтың жетпісжылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтті,

ҚР еңбек сіңірген бапкер Асқар Асубаевтың мерейтойына орай салтанатты жиын өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бапкерді құттықтауға оның шәкірттері, Қазақстанның белгілі спорт қайраткерлері мен туыстары жиналды. А.Асубаев самбо мен дзюдодан 36 КСРО спорт шеберін  дайындаған. Оның шәкірті Владимир Пущница республика спорты тарихында самбодан алғашқы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. Оның тәрбиесін көргендердің қатарында ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов, қаржы полициясының подполковнигі Федор Хван сияқты елге танымал азаматтар бар.