ҚР еңбек сіңірген бапкері Сергей Серіков қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР еңбек сіңірген бапкері, педагогикалық ғылымдар кандидаты, «Ертіс-ПМХЗ» БК директоры Сергей Серіков 67 жасына қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы республикалық баскетбол федерациясынан хабарлады.

ҚР еңбек сіңірген бапкері Сергей Серіков қайтыс болды

Сергей Филиппович Серіков 1983 жылдан бастап Қазақстан халқы спартакиадасының тұрақты жеңімпазы болып табылады. 1997-2007 жылдар аралығында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып жұмыс жасады. Оның басшылығымен елдің ұлттық дружинасы Б тобы командасы арасында екі дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы, Орталық Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды. Ол басқарған «Ертіс-ПМХЗ» әйелдерге арналған баскетбол командасы 15 рет Қазақстан чемпионы болып, ҚР Кубогын 4 рет жеңіп алды.

Республикалық баскетбол федерациясы, Сергей Серіков Павлодар облысында және Қазақстанда әйел баскетболының дамуына орасан үлес қосқанын атап өтті.