ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Ракель Рольникпен кездесті

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Ракель Рольникпен кездесті.
None
None

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, аталған шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, БҰҰ тарапынан адам құқығы жөніндегі маман Стефано Сэнси, Орталық Азия бойынша Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссия басқармасы өңірлік бөлімшесінің бағдарламалар үйлестірушісі Салтанат Садықова, ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық агенттігі Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Василий Маслов және басқалар қатысты.

Кездесу барысында көші-қон заңнамасына, еңбек етіп жүрген мигранттар құқына, әлеуметтік көрсеткіштерге, атап айтқанда, жұмыссыздық, өмір сүру деңгейі, табыстардың теңсіздігі, еңбекақы төлеу сынды министрліктің құзіретіне кіретін мәселелер талқыланды. Сонымен қатар зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру саясаты әрі параметрлері, формалды емес және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі адамдар құқығына қатысты кепілдік сынды мәселелер де жеке әңгіменің арқауына айналды. Гендерлік саясат, ана мен баланы қорғау, балалар құқығын қорғау жайттары да тараптардың назарынан тыс қалмады.

Кездесу барысында БҰҰ эксперттері барлық сауалдарына тұщымды жауап алды.

Соңғы жаңалықтар