ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қарағанды облысында жүр
Жұмыс сапарының мақсаты - елдің зейнетақы жүйесін алдағы жаңартудың мән-жайын түсіндіру болмақ.
«Премьер-Министрдің шешімімен Үкіметтің барлық мүшелері республика аймақтарына жіберілді. Осы тапсырмаға сәйкес мен Қарағанды облысына келдім», - деді С.Әбденов.
Бүгін министр Теміртау мен Қарағандыда кездесулер өткізді, онда велдомство басшысы зейнетақымен қамтамасыз етуді алдағы жаңарту мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімеледі. С.Әбденов сондай-ақ екі қалада «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау жүргізді.
Ертең осындай кездесу Жезқазғанда жоспарланып отыр, деп хабарлады министр.
Өкімет орындарының мәліметтері бойынша, Қарағанды облысында бүгінде 183 мың зейнеткер тұрады, бұл аймақ халқы жалпы санының 13 пайызға жуығын құрайды.