ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Оңтүстік Қазақстан облысында болды
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Министр Түркістан және Кентау қалаларында, Отырар ауданында болды. «Сапар мақсаты ? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру, ондағы басты тақырып ? халықты жұмыспен қамту болатын. Республикалық бюджеттен осы мақсатқа 140 млрд. теңге бөлінді. Бұған қоса жергілікті бюджеттерден 51 млрд. теңге қарастырылып отыр», - деді Г.Әбдіқалықова. Ол барлық шығындар мен лимиттер облыстарға жеткізілгенін, әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысында осы бағдарлама ауқымында 40 мың жұмыс орны ашылмақ. Мәселен, Кентау әкімдігі қазір 500-ге тарта адамның Көксарай су тоспасы құрылысына жұмысқа орналасуына көмектесуде. Тағы ондаған адам 16 мектепті, аурухананы және емхананы жөндеу жұмыстарына тартылмақ. Барлық аймақта министр азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.Ондаған адам өз сұрақтарына тұшымды жауап алды, оларды шешу үшін Г.Әбдіқалықова тиісті құрылымдарғса тапсырмалар берді.