ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесін 30 жылдығымен құттықтады

ТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов Астана қаласы «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің» ұжымын отызжылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

16 қыркүйекте ол ведомство атынан тәрбиеленушілерге теледидар сыйлап, медициналық-әлеуметтік мекеменің үш қызметкеріне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрмет грамотасын табыстады.

Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева, жұмыспен қамтуды үйлестіру және қалалық әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева қатысты.

Денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектеулі балалар әрдайым Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау органдарының ерекше назарына алынған. Жыл сайын балалар мүгедектігі мәселесін шешуге бағытталған түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өтеді. Қазіргі таңда Астана қаласының медициналық-әлеуметтік мекемесінде 183 мүмкіндіктері шектеулі бала бар, оның ішінде 116 бала стационар жағдайында, 67 - бала күндізгі бөлімде арнаулы әлеуметтік қызмет алып отыр.

Осы мекемеде 2006 жылы отбасында тәрбиеленіп жатқан мүгедек балалар үшін күндізгі бөлімше ашылды. Бұл өте маңызды оқиға, себебі жоба балалардың отбасында қалуына көмек көрсетуге, әлеуметтену дағдыларын алу және оңалтуға қолдау көрсету, өзінің даму деңгейін арнайы түзету-білім бағдарламалары бойынша көтеруге және бүгінгі өмірге бейімделіп, өзінің мүмкіндіктерін толық ашып, жүзеге асыруға бағытталған.

Аталған жоба халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын әзірлеуге негіз болды.

Еліміз бойынша қазіргі кезде 58,8 мың мүгедек бала бар, оның ішінде 2 мыңнан астамы 17 балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде, 250 астам бала тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 3 медициналық-әлеуметтік мекемеде тұрады. Қазақстанның 13 аумағында психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған 22 күндізгі бөлімшелер құрылды. 14 мың психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге және мүгедек балаларға қызмет көрсетіліп жатқан 160 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар