ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында студенттермен кездесті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президентінің «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Әуезов ауданында бірнеше кездесу өткізді,

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында студенттермен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Вице-министр кездесуін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті ұжымынан бастады. Ол мұнда студенттер мен ұстаздар қауымына биылғы Жолдаудың басымдылықтары мен негізгі бағыттары жөнінде терең түсіндіріп берді. Сондай-ақ жалақы, стипендия, зейнетақы сияқты министрліктің құзырына кіретін мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді. Вице-министр сонымен қатар Ардагерлер үйінде, Энергетика және электрондық құралдар жасау колледжінде болды. Біржан Нұрымбетов сәуірдің 23-24-і күндері Елбасы Жолдауын түсіндіру жұмыстарын «Ақсай нан» зауытында, Қазақстан жол қатынастары университетінде, Еуразиялық нарық институтында, № 176 мектеп ұжымында жалғастырмақ.