ҚР Энергетика министрлігі бензин тапшылығы болмайтындығына сенімді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бензин тапшылығы болмайтынын мәлім етті.

ҚР Энергетика министрлігі бензин тапшылығы болмайтындығына сенімді

«Біз тапшылық болады деп ойламаймыз. Қазіргі кезде базаларда отын қалдықтары артқанын көріп отырмыз»,-деді ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық экологиялық кеңесінің екінші отырысы барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Бұдан бөлек, Ұ. Қарабалин еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттарды жаңғыртудың жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Павлодар МӨЗ-інде тиісті жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар кейіннен Атырау зауытында жаңарту шаралары басталады. Атап айтқанда, сол кезде Атырау МӨЗ-і өңдеу жұмыстарын төмендетілген көлемде жүзеге асыратын болады.

Оның айтуына қарағанда, экспорттық кедендік баж салығын бекіту бойынша талқылаулар жүріп жатыр. Осы орайда салықтың бұл түрі бекітілген деңгейде болмайды деп күтілуде. Яғни, оның көлемі әлемдегі мұнай бағасына қарай өзгеріп тұрады.