ҚР Энергетика министрлігі РФ авиакеросинін алудың жағдайын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстандағы отандық авиакеросинді өндіру мәселесі жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
None
None

«Авиакеросин бойынша жағдайға тоқталсақ, бұдан бұрын біз импорттық жеткізілімге мұқтаж емес едік, Павлодар мұнай өңдеу зауытында 240 мың тонна авиакеросин өндірілетін еді, сондай-ақ осыншама көлемде Шымкент мұнай өңдеу зауытында да шығарылатын. Осы екі зауыт толықтай ішкі нарықты қамтамасыз етіп келді. Өткен жылы Қазақстанда авиакеросинді тұтыну көлемі 510 мың тоннаны құрады, ал биыл бұл көрсеткіш 550 мың тоннаға дейін өседі деп бағалап отырмыз. 2-3 жыл бұрын ресейлік мұнайды Павлодар МӨЗ-іне жеткізу кестесі өзгерді, яғни күкірттік құрамы жоғары мұнай жіберілгендіктен, зауыт авиакеросин өндіру құқығынан айырылды»,-деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда аталған отын бойынша қауіпсіздік пен әуе тасымалына қойылатын талаптар назарға алынып, Павлодардағы зауытта 240 мың тонна авиакеросинді өндіру тоқтатылды. Енді бұл көлемді РФ тарапынан сатып алуға мәжбүр болдық.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов әуе рейстері тоқтап қалатындай авиакеросиннің тапшылығы болмайтынын мәлім еткен еді.

Соңғы жаңалықтар