ҚР Фармөндірушілері қауымдастығының басшысы Серік Сұлтанов дүниеден озды
«Қайғылы жаңалық! Фармацевтикалық саланың және отандық фармөнеркәсібінің ең жарқын ұйымдастырушыларының бірі Серік Сұлтанов өмірден өтті. Ол әрдайым бірінші болды - Дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының бірінші бас директоры, Фармация комитетінің бірінші төрағасы, Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің тұңғыш ұйымдастырушысы, Фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының алғашқы және тұрақты президенті. Бірінші мамандығы бойынша фармацевт болмаса-дағы ол бұл саладағы ең білімді мамандардың бірі еді... Соңғы жылдары оның сырқаты туралы білгендер оның еңбекқорлығына әрдайым таңданатын», - деп жазды Facebook-тегі парақшасына Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.
Сұлтанов Серік Егелұлы 1959 жылы 9 қазанда Павлодар облысының Панфилово ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1990-1998 жылдары Павлодар қаласындағы бірреттік шприцтерді өндіретін «Мед-полимер» АҚ зауытында бас директор қызметінен бастады. Зауыттың негізін қалаушы.
1998-2002 жж. - «Дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының» «Дәрі-дәрмек» РМКК бас директоры.
2002-2033 жж - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің төрағасы.
2006 ж. - «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілері қауымдастығының басшысы.
2008 ж. - «Медициналық техника жеткізушілерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті.