11:50, 24 Маусым 2016 | GMT +5
ҚР футбол чемпионаттарына келушілер саны бойынша рекорд орнатылды
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - 19 мың көрермен жинаған «Қайрат» - «Астана» кездесуі Қазақстан чемпионаттарының ішіндегі ең көп көрермен жинаған матч болды.

Бұдан бұрын ең көп көрермен жинаған ойын 2011 жылдың 29 қазанында Қарағанды қаласында болған «Шахтер» мен «Астана» командаларының арасында өткен матч, деп хабарлайды Sports.kz.
Сонымен қатар, 20 мыңнан астам көрермен жинаған өзге турнирлерде өткізілген үш матч бар.
2009 жылы «Атырау» - «Шахтер» командаларының арасында өткізілген Қазақстан Кубогының финалдық ойынына 20 мың көрермен жиналса, 2013 жылы «Шахтер» - «Тараз» ойыны 24 500 көрермен жинаған.
Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақстан Суперкубогында «Астана» мен «Қайрат» командаларының арасында өткізілген ойын 20 мың көрермен жинаған.