ҚР Ғылым және жоғары білім министрі әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті
«Әлемге әйгілі әнші студенттік шығармашылықты дамыту және студент жастардың қатысуымен болатын жобалары жөніндегі идеяларымен бөлісті.⠀
Сонымен қатар шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджмент саласына қажетті кадрлар даярлау мәселесі де талқыланды», - деп жазды министр Instagram-да.⠀
С.Нұрбектің айтуынша, әншінің ұсынған идеялары министрлікте қаралатын болады.
«Димаш Құдайбергеннің ұсынған идеяларын біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысы барысында міндетті түрде ескеретін боламыз.⠀
Алдағы уақытта да байланысымызды үзбей, үнемі пікір алмасып тұратын болып келістік.⠀
Димаш өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға салуға дайын екендігі біз үшін өте қуанышты», - дейді ведомство басшысы.
⠀
Фото: Instagram/gylym_jogarybilim