ҚР халық әртісі А.Мұсақожаеваның альбомын немістің дыбыс жазу компаниясы 5 мың данамен шығарды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор, әлемге танымал скрипкашы Айман Мұсақожаева Германияда жазылған өзінің альбомының шығарылуы жайында баспасөз мәслихатын өткізді.
None
None

А.Мұсақожаеваның айтуынша, «Deutsche Grammophon Gesellschaft» дыбыс жазу компаниясы Германияда күйтабақтар мен компакт-дискілер шығаратын Германиядағы байырғы кәсіпорын.

ҚР халық әртісі осы әлемге танымал лейблмен келісім-шартқа қол қойған алғашқы қазақстандық орындаушы.

Сонымен бірге, неміс компаниясы А.Мұсақожаеваға «Deutsche Grammophon Gesselschaft» әртісі» ресми мәртебесін берді.

Қазақстандық скрипкашының дискісі 5 мың данамен шықты. Альбомға А.Мұсақожаева ҚР сирек музыкалық аспаптар мемлекеттік коллекциясындағы бірегей аспап - 1732 жылғы Антонио Страдиваридың скирипкасымен дирижер Мануэль Эрнандес Сиьльваның басқаруындағы Вена симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындаған П.Чайковский мен С.Прокофьевтің скрипкалық концерттерінің эксклюзивтік жазбалары енді.

Соңғы жаңалықтар