ҚР ИДМ: 2015 жылы автокөліктерге 1 млрд теңге айыппұл салынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы көліктегі бақылау органдары автомобиль көлігі саласындағы заңнаманы бұзған үшін 14 мың әкімшілік материал толтырып, 1 млрд теңге айыппұл салды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ИДМ: 2015  жылы автокөліктерге 1 млрд теңге айыппұл салынған

«Әкімшілік жауапкершілікке көбіне ірігабаритті және салмақ параметрлерін асырып жіберіп ереже бұзғандар 5,5 мың автокөлік тартылған», делінген хабарламада.

Багаж және жүк, жолаушылар тасымалдау саласында 4135 құқық бұзушылық тіркелген.

Сонымен қатар, 562 рет автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін бұзу дерегі тіркелген.