ҚР ИДМ алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқын беру бойынша байқау өткізеді

«Аукцион арқылы жер қойнауын пайдалану құқын беру кезінде жеңімпазды анықтаудың негізгі өлшемі қатысушы ұсынған қол қойылатын бонус құнының мейлінше үлкен болуына байланысты. Ал басқа талаптар бәсекелесті сауданы өткізу туралы хабарламада толығымен көрсетілген және барлық қатысушыларға ортақ болып табылады. Бұл аукцион мемлекетке инвестиция тартуға мүмкіндік береді және аукционға қатысушылардан барынша мол қаржы түседі және қол қойылатын бонустан түсетін қаржы барынша еселенеді, жеңімпазды анықтаудың ашықтығын қамтамасыз етеді»,-деп атап өтілген министрлік мәліметінде.
Атап айтқанда, Жер қойнауы туралы Заңда аукционды өткізудің мерзімі және кезеңдері қатаң шектелген. Бұл бәсекелесті сауда қорытындыларын жариялауды ешбір себепсіз кешіктіруге жол бермейді.
Аукционға қойылған қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауы учаскелерінің тізімі (көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды және көмір мен уранды қоспағанда) ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 26.06.2015 жылғы № 724 бұйрығымен бекітілген.
Барлығы 100 жер қойнауы учаскесі бекітілген, оның ішінде 27-сі өндіруге және 73-і барлауға. Аукционға қатысуға өтініштер қабылдау 2015 жылдың 1 қазанында аяқталды. Оның қорытындысы бойынша аукционға барлығы 190 өтініш қатысады.
Рұқсат етілген өтініштерге сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқын беретін аукцион 49 жер қойнауы учаскесі бойынша жүргізіледі (18-і өндіруге, 31- барлауға).
Айта кетейік, аукцион өткізу туралы хабарландыру 2015 жылы 29 тамызда БАҚ жарияланған болатын. Өткен жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілді.