ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ИКАО ескертулерінің барлығын жойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнге Комитет ИКАО-ның елеулі ескертпелерінің барлығын жойды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ИКАО-ның стандарттар мен ұсынылған тәжірибесін енгізу тиімділігінің Қазақстандағы орташа деңгейі 65%-дан 74%-ға дейін көтеріледі.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ИКАО ескертулерінің барлығын жойды

Ал бұның бүкіләлемдік орташа көрсеткіші 63 пайыз деңгейінде.
«Ұйымның белгіленген рәсімі бойынша есеп қорытындысы биылғы жылғы шілдеде шығарылады деп күтілуде. ИКАО-ның валидациялық миссиясының биылғы 29 наурыз-4 сәуірдегі қорытындысы бойынша Азаматтық авиация комитетінің эксплуатанттар сертификаттарын беру үдерісі жөніндегі елеулі ескертпесін ойдағыдай жойғандығы туралы 2016 жылғы 20 сәуірде Азаматтық авиация халықаралық ұйымының валидациялық комитеті шешім шығарған болатын»,-делінген ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінде.

Комитеттің ИКАО-ның ескертпелерін жойғандығы Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі тізімінен (ЕО елдеріне ұшуға тыйым салынған әлемдегі авиакомпанияларының тізімі) қазақстандық әуе компанияларын шығару туралы шешіміне оң ықпал жасайды деп күтілуде. Қазіргі уақытта қазақстандық «Эйр Астана» авиакомпаниясынан ғана ЕО елдеріне ұшуға шектеулердің барлығы алынып тасталған болатын.