ҚР ИДМ «Эйр Астана» ұшағына қатысты оқиғаның алдын ала себебін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасы жəне "Эйр Астана" əуекомпаниясы АҚ өкілдерінің қатысуымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі бойынша шұғыл отырыс өтті.

ҚР ИДМ «Эйр Астана» ұшағына қатысты оқиғаның алдын ала себебін атады

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының Алматыдан Бішкекке бағыт алған КС 109 рейсті Embraer 190 әуе көлігіне қатысты оқыс оқиға экипаждың нөмірі бірінші қозғалтқышты өшіріп, салдарынан май қысымы төмендеуі туралы дабылдың іске қосылуы себепті туындаған.  

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, бұған дабыл қағу жүйесінің өзінің істен шығуы себеп болған. Кеңес қорытындысы бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған бірлескен кешенді іс-шаралар жасау жөнінде шешім қабылданды. Азаматтық авиация саласында әуе компанияларының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігін күшейтуге қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу жөнінде жұмыс жүргізіледі.