ҚР ИДМ Геология комитеті төрағасының орынбасары өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Назаралы өмірден озды. Бұл ақпаратты аталған министрліктен де растап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ИДМ Геология комитеті төрағасының орынбасары өмірден озды

Жақсылық Назаралы бүгін  ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауға қатысуы тиіс болатын. Алайда, шара басталар алдында ол өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырылған. Нақтыланбаған дерекке сәйкес, ол ауруханаға бара жатқан жолда өмірден озған.

null 

53 жастағы Жақсылық Назаралы 2017 жылдың 21 тамызынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болған еді.