ҚР ИДМ румыниялық футболшыларға қатысты оқиғаны бақылауына алды

«Rixos President Astana» бас менеджері Тансель Терджанның мәлімдемесі бойынша, бұл ақпаратты құқық қорғау органдары растамайды.
Румыниялық команда мүшелері белгісіз себептермен полицияға шағымданудан бас тартты. Қонақ үйдің бастамасы бойынша күзет қызметкерлері Астана қаласының ІІД өкілдерімен бірлесіп қонақ үйдегі бейнебақылау камераларын қосымша тексерді, қонақ үй қызметкерлері жауапқа алынды, тиісті тергеу амалдары жүргізілді», - деп жазды ҚР ИДМ туризм бойынша департаментінің директоры.
«ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаменті жағдайды бақылауға алып, аталған мәселе бойынша істің қаралуына қатысады», - деп хабарлады ол.
Еске сала кетсек, 11 қазанда ӘЧ-2018 іріктеу турында Қазақстан футбол құрамасымен ойнау үшін Румыния футболшылары Астанаға келген. Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қызметінің ақпаратына сүйенсек, сол күні сағат 18.25-те спортшылар аялдаған «Риксос» қонақ үйінің әкімші қызметкері Астана қаласының полиция пультіне хабарласып, қонақтардың жеке заттары жоғалғанын хабарлаған.
Алайда «Rixos President Astana» қонақ үйі ұрлық туралы алып-қашпа әңгімеге қатысты мәліметтердің нақты емес әрі Астана қаласының құқық қорғау органдарымен ресми дәлелденбегендігін мәлімдеді.