ҚР ИДМ сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым ұшыраған бөлімшелері аталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған құрылымдық бөлімшесі болып, көліктік бақылау инспекциясы және индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаменттері аталды. Бұл туралы ҚР ИДМ-де өткен жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Ұлттық сыбайлас жекмқорлыққа қарсы тұру үлттық бюросы төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев айтты.

Аймақтық бөліністер туралы айтар болсақ, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы инвестиция және даму саласында сыбайлас жемқорлыққа көбірек ұшыраған.

Кеңесте осы жылдан бастап іске асырыла бастаған жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер түсіндірілді. Оардың арасында сыбайлас жемқорлыққа мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық жұмыс, сыбайлас жемқорлықты шектеу стандарттары, қаржылық бақылау қорлары және басқалары бар.

Әсіресе жаңа Әдеп кодексі белгілеген моралдық-этикалық принциптерге ерекше көңіл аударылды, оның ішінде сыйлықтар алу және мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттарын сақтау жайына назар аударылды.  

 «Министрлік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа батқан олардың әріптестерін ұстау фактілері бойынша бейнематериалдар көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың және қазіргі кезде бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеп жүрген министрлік және олардың құрылымдық бөлдімшелерінің бұрынғы қызметкерлерінің өкінуі туралы бейнежазбалар көрсетілді», - делінген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру ұлттық бюросы баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram