ҚР ИДМ Үндістанда жүрген қазақстандық туристерге карточка арқылы есептесулеріне кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті Үндістан территориясында жүрген қазақстандық туристердің сақтық шараларын қолданып, сабыр сақтауларын, жергілікті биліктің талабын орындап, көпшілік орындарынан аулақ болуға шақырады.

ҚР ИДМ Үндістанда жүрген қазақстандық туристерге карточка арқылы есептесулеріне кеңес берді

«Үндістанда 1000 және 500 рупий номиналды купюрлар айналымнан алынып тасталғанына байланысты халықтың толқуын ескеріп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті осы елдің территориясында жүрген қазақстандық туристердің сақтық шараларын қолданып, сабыр сақтауларын, жергілікті биліктің талабын орындап, көпшілік орындарынан аулақ болуға шақырады және мүмкіндігінше карточкалық жүйе арқылы есептесулеріне кеңес береді.

ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен байланыста болады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті туроператорларды Үндістанға  сапар шегуші туристерге аталмыш елдегі жағдай туралы алдын ала ескертуге шақырады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Үндістанда  көлеңкелі экономикамен, жемқорлықпен, жалған ақша жасаушылармен және терроршыларды қаржыландырумен күрес аясында 2016 жылдың 8 қарашасынан бастап елдегі ең ірі банкноттар - 1000 және 500 рупий номиналды купюрлар айналымнан алынып тасталды.  Елдегі банктер бір күндік үзілістен кейін жұмыстарын 9 қарашада ескі банкноталарды жаңа 2000 рупийге айырбастаудан бастады. 10 қарашадан бастап жаңа 500 рупий банкноты берілуде. 500 және 1000 рупий купюраларды 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін елдегі банктерде немесе пошта бөлімшелерінде айырбастауға болады. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ешқандай шектеу жоқ. Қазақстандық туристер Үндістанда банк карточкаларын пайдалана алады.