ҚР ИИДМ мен «ҚТЖ» Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтаруға әрекет етіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтаруға әрекет етіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
2022 жылғы 5 наурыздағы деректер бойынша Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұрып қалды.