ҚР ІІМ: Ақша бопсалау мақсатында Астанада адам ұрлаған күдікті ұсталды

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаған деген күдікпен Қарағандының азаматы ұсталды.

ҚР ІІМ: Ақша бопсалау мақсатында Астанада адам ұрлаған күдікті ұсталды

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Елорданың жедел қызметкерлері  ірі көлемде  ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаған деген күдікпен іздеуде жүрген Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Өткен жылғы ақпан айының ортасында күдікті өзінің сыбайласымен алдын ала келісіп, киім тігу ательесінің 46 жастағы иесін ұрлап, оны Астана қаласының сол жағалауында жалға алынған пәтерге алып барған.  Олар жәбірленушіге күш көрсетіп, 50 мың АҚШ долларын беруді талап еткен»,-деді Н. Орза.

Ресми өкілдің айтуынша, жәбірленуші өзінің танысынан қажетті ақшаны әкеліп беруді өтінген. Күдіктінің біреуі ақша беру үстінде ұсталып, қазіргі уақытта ол сотталды. Оның сыбайласы өткен аптада Қарағанды қаласында қолға түсті.