14:10, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
ҚР ІІМ: Апта ішінде 5360 қылмыс жасалды
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен апта ішінде ел аумағында 5360 қылмыс орын алды.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Апта ішінде 5360 қылмыс жасалды. Оның ішінде «ізі суымай» 2365-і ашылды. Бұрын жасалған 639 қылмыс қоса ашылды», - дейді Н. Ораз.
Оның айтуынша, аталған кезеңде 80 қылмыскер іздестіріліп, табылды, 4 қару тәркіленді. 81 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткіні сатудың 23 фактісі анықталып, 4 келі есірткі заты тәркіленді.